Еңбек – адамның күнкөріс көзі ғана емес, қоғамның дамуына үлес қосатын маңызды құндылық. Мұғалімнің білімі, құрылысшының еңбегі, дәрігердің қызметі мен қарапайым жұмысшының маңдай тері ел игілігіне қызмет етеді. Сондықтан әр адамның еңбегі бағаланып, құқығы қорғалуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бекітілген. Сонымен қатар қауіпсіз еңбек жағдайына, кемсітусіз сыйақы алуға, әлеуметтік қорғалуға және тынығуға кепілдік беріледі. Бұл талаптар азаматтың еңбек ету мүмкіндігімен қатар, оның лайықты жағдайда жұмыс істеуіне де негіз болады.
Алайда еңбек құқығының сақталуы тек заңмен шектелмейді. Жұмыс беруші заң талаптарын орындап, қызметкердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Ал әр азамат өз құқығын біліп, еңбек қатынастарын заңды түрде рәсімдеуге мән бергені жөн.
Еңбек бағаланған жерде жауапкершілік пен сенім нығаяды. Конституцияда бекітілген кепілдіктерді сақтау – әр азаматтың құқығын қорғап, әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды шарты.
Г.СӘДУАҚАС



