Ақтоғай ауылдық мәдениет үйінде орналасқан №234 айлау учаскесінде 18 жасқа толған 2 жас сайлаушы тіркелген.
Соның бірі Ерасыл Жамбылов бүгінгі ұлт тағдырына әсер ететін тарихи оқиға Құрылтай сайлауы күні учаскеге келіп, өз таңдауын жасады. Комиссия төрағасы ең жас сайлаушыға сый-сияпат ұсынды.
- Бүгін еліміз үшін ерекше күн. Өйткені алғаш рет дауыс беру арқылы азаматтық позициямды білдіру мүмкіндігіне ие болып отырмын. Елдің ертеңгі тізгіні бүгінгі білімді жастардың қолында. Сондықтан елдің барша жастарын саяси науқаннан шет қалмай, белсенді атсалысуға, шақырамын, - дейді М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің 1 курс студенті.
Б.САПАРОВА


