«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция мүшелері – Берікқали Сәрсенғалиев, Бағыт Шеркешбаева, Ғалымжан Өтебаев кәсіби авариялық-құтқару қызметі «Ақ Берен групп» ЖШС қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен азаматтардың құқықтары туралы ақпарат беріп, кәсіби қауіпсіздік пен жұмысшылардың әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады.
– Қауіпсіздік пен кәсібилік – әрбір адамның өмірін қорғаудың негізі. Біздің міндетіміз – жұмысшылардың еңбегін бағалап, оларға сенімді және қауіпсіз орта жасау – деді Берікқали Сәрсенғалиев
Қызметкерлер өз сұрақтарын қойып, пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу соңында коалиция мүшелері жаңа Конституция әр азаматқа тең мүмкіндік беретінін, кәсіби құқықтар мен қауіпсіздік кепілдігін нығайтуға бағытталғанын ерекше атап өтті.



