Қоғамдағы әділеттілік адамдардың өзара қарым-қатынасынан, заңға деген құрметінен және әр азаматтың жауапкершілігін сезінуінен көрінеді. Заң үстемдігі орныққан жерде адамның құқығы қорғалып, қоғамдағы сенім нығаяды.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені белгіленген. Сондай-ақ адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде танылады.
Бұл қағиданың күнделікті өмірдегі маңызы зор. Өзгенің құқығын құрметтеу, міндеттерді адал орындау, мәселелерді заң аясында шешу – құқықтық мәдениеттің негізі. Заңды білу ғана емес, оны өмірде басшылыққа алу да маңызды.
Әділетті қоғам қалыптастыру – тек мемлекеттік органдардың міндеті емес. Ол әр азаматтың ұстанымы мен іс-әрекетінен басталады.
Г.СӘДУАҚАС



