Табиғат аясында демалу – күнделікті тіршіліктен тынығып, жақындармен уақыт өткізудің жақсы мүмкіндігі. Алайда демалыс кезінде қоршаған ортаға келетін зиянды ескермей жатамыз.
Әсіресе, ашық аумақта от жағу, шыны бөтелкелер мен пластик қалдықтарын қалдыру, өсімдіктерді зақымдау табиғи ортаға кері әсерін тигізеді. Ал құрғақ шөп арасында қараусыз қалған оттың соңы өртке ұласуы мүмкін.
Махамбет ауданының табиғи аумақтарында демалатын тұрғындар қауіпсіздік талаптарын сақтап, табиғатқа ұқыптылықпен қарауы қажет. Демалыс аяқталған соң пайдаланылған орынды жинап, қалдықтарды тиісті жерге жеткізу де осы мәдениеттің бір бөлігі.
Табиғат адамға демалыс пен әсемдік сыйлайды. Оның тазалығы мен тұтастығын сақтау – сол сыйға деген құрмет. Сондықтан демалыстың жақсы өткенімен қатар, табиғатқа зиян келмегені де маңызды.
Г.ЖОЛДАСҚАЛИҚЫЗЫ



