Дауыс берушілерге Наурыз дәмі ұсынылды

Ақжайық ауылындағы №233 референдум учаскесінде тұрғындар үшін ерекше атмосфера қалыптасқан. Әуезді әуен қойылып, дауыс беруге келген азаматтарға Наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды. Бұл бастама тұрғындардың көңіл-күйін көтеріп, дауыс беру процесіне мерекелік сипат берді. Ауыл тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр.

Учаске төрағасы Серік Тасмағамбеттің айтуынша, мұндай бастаманың мақсаты – тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау.

– Бүгінгі маңызды күні дауыс беруге келген ауыл тұрғындарын жылы қарсы алып, Наурыздың дәстүрлі тағамдарынан дәм татқызуды жөн көрдік. Бұл – халқымыздың қонақжай дәстүрін дәріптеудің бір көрінісі. Ең бастысы, ауыл тұрғындары белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап жатыр, – деді ол.

Айта кетейік, аталған референдум учаскесінде 604 сайлаушы тіркелген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT