Черногория-Қазақстан: өзара ынтымақтастыққа бастар жол

Бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев елімізге ресми сапармен келген  Черногория Президенті Яков Милатовичті қабылдап, екі ел арасында өзара ынтымақтстыққа бастайтын келіссөздер өткізді.

Еуропадағы ең жас мемлекет саналатын Черногория мемлекеті өз тәуелсіздігін 2006 жылы жариялаған. Кездесу барысында Президент Қ.Тоқаев  Черногория президентінің бұл сапары тарихи маңызға ие екенін атап өтіп, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтады. 

Осы жылдарда біз жақсы қарым-қатынас орнаттық. Өзара ынтымақтастығымыздың мазмұнын байыта түсу керек деп ойлаймын. Оған ешқандай кедергі жоқ. Сіздің іскерлік делегацияңыздың құрамы өте салмақты. Бұл экономикалық және іскерлік байланыстардың ауқымын арттыра түсуге ниетті екеніңізді көрсетеді", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осынау маңызды іссапар аясына екі елдің сауда палаталары бизнес форум өткізіліп, бірқатар меморандумға қол қойылатын болады. 
Өз кезегінде Черногория Президенті Яков Милатович Мемлекет басшысына құрметі мен қонақжайлығына алғыс білдіріп,  екі ел арасындағы саяси ынтымақтастықты ғана емес, экономикалық серіктестікті кеңейту мүмкіндіктерін талқылауға шақырды. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT