"БОРЫШКЕР" ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

2026 жылдың 18-21 мамыр күндері аралығында Махамбет ауданы көлемінде «БОРЫШКЕР» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 

Аталған іс-шара мақсаты салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру болып табылады.

ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 893 бабына сәйкес, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс. Төленбеген жағдайда осы Кодекстің 894 бабына сәйкес, айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлі түрде орындату мақсатында сот орындаушыларына жолданады.  

Іс-шара аясында, айыппұл төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің бережақтарын айлық ақшаларынан өндіріп алу туралы қаулыны олардың жұмыс орындарына орындау үшін жолдайтын болады. Осы тұрғыда айыппұлды заңда қарастырылған 50 пайыз жеңілдікпен жеті тәулікте төлеуге немесе бір ай мерзімнен кешіктермей төлеулеріңізді сұраймыз.

Аудан тұрғындарының назарына! Айыппұлдарыңыз бойынша қосымша мәліметтер жөнінде Махамбет АПб ӘПт Әкімшілік практикадан біле алатындарыңызды хабарлаймыз.

Махамбет ауданы полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT