Болашаққа қалатын ең үлкен мұра — таза табиғат

Біз болашақ ұрпаққа қандай Қазақстан қалдырамыз? Зәулім ғимараттар мен жаңа жолдар ғана ма, әлде мөлдір өзендері мен жасыл ормандары сақталған көркем өлке ме? Бұл сұрақ әрбір азаматты ойландыруы тиіс. Өйткені табиғаттың байлығы шексіз емес, ал оның тағдыры бүгінгі әрекетімізге тікелей байланысты.

Қоршаған ортаның ластануы — бір ғана адамның немесе бір аймақтың мәселесі емес. Өзенге тасталған қалдық, орманда сөндірілмей қалған от, орынсыз кесілген ағаш табиғатқа орны толмас зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан экологиялық сауаттылықты арттыру және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану еліміздің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.

«Таза Қазақстан» бастамасы бізге туған жерді қорғаудың нақты жолдарын көрсетеді. Алайда табиғатты аялау тек сенбіліктер кезінде ғана жүзеге аспауы керек. Қоқысты сұрыптау, суды босқа ағызбау, пластикті аз пайдалану және ағаштарды күту күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналуы қажет.

Табиғат бізге аманат болып берілген. Аманатқа адал болу — оны келешек ұрпаққа бүлдірмей жеткізу. Егер әрбір қазақстандық осыны жүрегіне түйсе, еліміздің болашағы да жарқын болмақ.

Таза Қазақстан — бүгінгі ұрпақтың таңдауы, ертеңгі ұрпақтың бақыты!

 

Г.СӘДУАҚАС

 
 
 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT