Бірлік пен татулықты сақтау – кез келген мемлекет үшін ел дамуының басты қағидасы.
Ал, этнос өкілдерінің келісім мен үйлесімде өмір сүруі көпұлтты мемлекетіміз үшін бұл аса маңызды. Осы ретте, еліміз Қазақстанда барлық ұлттың да салт-дәстүрін сақтауға, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасап, ұлттық мерекелер жылсайын тойланып келеді. Ұлттар арасындағы татулықты сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясының ролі зор. Ассамблея қызметі аясында қаншама іргелі жұмыстар атқарылып, еріктілер қозғалысының көмегімен көрші мемлекеттерге гуманитарлық көмектер жіберілді. Ел ішіндегі түрлі жағдайларда этнос өкілдері де қазақ халқымен бірге болып, өз көмектерін берді. Бүгінде институт (ҚХА) өз қызметін тоқтатқанымен, Қазақстан халықтары арасында достық қарым-қатынас берік қалыптасты және нығайды. Мемлекет басшысы атап көрсеткен Халық Кеңесінің құрамында этнос өкілдерінің де болуы барлық қазақстандық азаматтардың тең құқылы боп, ұлтқа, дінге бөлінбеуінің айқын көрінісі.
Бірлік – елдің дамуы мен өркендеуінің кепілі. Баршаңызды айтулы мереке 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының Бірлігі күнімен құттықтап, елімізде әркез қоғамдық және рухани келісім орнай берсін дегім келеді.
ЮН ВАСИЛИЙ ЕН-НОКОВИЧ

