15 наурыз ел көлемінде Жана Конституция жобасы бойынша жалпыұлттық референдум өтуде. Ауданымыздағы барлық 18 референдум учаскесінде дауыс беру құқығына ие азаматтар өз белсенділіктерін танытуда.

Бұл күні дауыс беруге келген ауыл тұрғындары амал мерекесін атап өтіп, бір-бірімен көрісіп, ізгі тілекерін айтуда.

Референдум учаскелері де ән мен күйге бөленіп, дауыс берушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында жергілікті өнерпаздар сазды бағдарламаларын ұсынуда.
Сонымен қатар, аудан орталығында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін нарықтық бағадан төмен бағада ұсынылып отыр.
Аталмыш шаралар референдум күнін саяси науқан ретінде ғана емес, нағыз мерекеге айналдыруға септігін тигізуде.
Б.САПАРОВА
#МенДауысБердім, #ЕлімҮшінТаңдау, #РеферендумғаБардым

