Бүгін әкелер күні !

Халқымызда "Әке - асқар тау, ана - бұлақ, бала - жағасындағы құрақ" деген тамаша тәмсіл бар. 

Осыдан үш жыл бұрын ел Үкіметінің қаулысымен маусым айының үшінші жексенбісі "Әкелер күні" ретінде белгіленген болатын.

Әкелер күнін атап өту бұл - отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, шаңырақты нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етеді. Әкелер күнін атап өту әлем елдерінде әдетке айналған. 

Әке – отбасының тірегі, балаға қорған, өмір жолының шамшырағы. Оның қамқорлығы мен парасаты – әр баланың болашағына бағыт беретін темірқазық.

Ұрпағына тәрбие мен тәлім берген, ерлік пен еңбекке баулыған әрбір әке құрметке лайық. 

Әкелеріміздің шексіз қолдаулары мен қамқорлығы үшін әркез алғыс айтып жүруді ұмытпайық!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT