БЕЙБАРЫСТА САЙЛАУШЫЛАР БЕЛСЕНДІ

Бейбарыс ауылында орналасқан №225 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда. Учаскеде сайлаушылардың белсенділігі жоғары.

Дауыс беруге отбасымен бірге ұйымшылдықпен келгендердің қатарында Сайбалиевтер отбасы да бар.

— Сайлау – ел болашағына бейжай қарамайтын әр азамат үшін маңызды күн. Сондықтан отбасымызбен бірге келіп, өз таңдауымызды жасадық. Ауылдастарымыз да белсенділік танытып жатыр. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деді Салауат Сайбалиев.

№225 сайлау учаскесінде дауыс беру белгіленген тәртіппен жалғасуда.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT