Бейбарыс ауылында сенбілік ұйымдастырылып, ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Ауылымыздың тазалығы мен көркейту жұмыстары аясында өткен сенбілікке ауылдық округке қарасты мекемелердің қызметкерлері белсенді қатысып, бірлесе еңбек етті. Шара барысында ауыл кіре берісіндегі баққа жаңа көшеттер отырғызылды.
Осындай игі бастамалар – туған жеріміздің келбетін жақсартуға, экологиялық ахуалды нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

