Баспана құқығы – заң қорғауында

Баспана – адамның тыныш өмір сүріп, отбасымен қауіпсіз ғұмыр кешуіне мүмкіндік беретін маңызды құндылық. Әр отбасы үшін үй тек төрт қабырға емес, ол – тұрақтылық пен сенімнің мекені. Сондықтан тұрғын үйге қатысты құқықтың заңмен қорғалуы айрықша маңызға ие.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабында тұрғын үйге қол сұғылмайтыны нақты бекітілген. Сот шешімінсіз адамды тұрғын үйінен айыруға немесе одан шығаруға жол берілмейді. Сондай-ақ тұрғын үйге кіру, оны қарап-тексеру мен тінту заңда белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылуы тиіс. Бұл талаптар азаматтың жеке кеңістігі мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған.

Аталған бапта мемлекет азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге жағдай жасайтыны да көрсетілген. Заңда белгіленген санаттарға жататын, баспанаға мұқтаж азаматтарға тұрғын үй белгіленген тәртіппен беріледі.

Тұрғын үйге қатысты құқықты білу әр азамат үшін маңызды. Заң талаптарын сақтау, өз құқығын құрметтеу және даулы мәселелерді құқықтық жолмен шешу – қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі.

Баспанаға қол сұғылмауы – жеке адамның ғана емес, тұтас отбасының тыныштығын қорғау. Азаматтардың құқығы сақталған жерде заңға деген сенім де нығая түседі.

 

Г.СӘДУАҚАСОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT