Баланың құқығы – назардан тыс қалмауы тиіс

Баланың қауіпсіз ортада өмір сүруі, білім алуы, демалуы және өз ойын еркін білдіруі – заңмен қорғалатын құқықтары. Алайда кейде үлкендер баланың пікіріне құлақ асуды немесе оның жеке шекарасын құрметтеуді екінші орынға ысырып жатады.

Бала құқығын қорғау тек мектептің немесе арнайы мекемелердің міндеті емес. Бұл – ата-ана, педагог және жалпы қоғам болып атсалысатын маңызды бағыт. Әсіресе, балалар арасындағы әлімжеттік, кемсіту, қорқыту сияқты әрекеттерге дер кезінде назар аудару қажет.

Қазіргі таңда балалардың өмірінде интернеттің орны ерекше. Әлеуметтік желілер мен түрлі онлайн платформалар жаңа мүмкіндіктер ашқанымен, кибербуллинг, бейтаныс адамдармен байланыс және жеке ақпараттың таралуы секілді қауіптер де бар. Сондықтан балаға тыйым салумен шектелмей, интернетті қауіпсіз пайдаланудың жолдарын түсіндіру маңызды.

Әр бала өзін қауіпсіз сезінуге және көмек сұрауға құқылы. Оның жан дүниесіне үңіліп, пікірін тыңдау – үлкендердің жауапкершілігі. Баланың құқығын қорғау дегеніміз – оның бүгінгі қауіпсіздігіне ғана емес, ертеңгі болашағына да қамқорлық жасау.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT