Баланың қауіпсіздігі – тек ата-ананың емес, бүкіл қоғамның назарындағы мәселе. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің өмірінде мектептегі қарым-қатынас, интернеттегі белсенділік және көшедегі қауіпсіздік маңызды орын алады.
Әсіресе, буллинг, бопсалау, кибербуллинг және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық мәселелері дер кезінде назар аударуды қажет етеді. Мұндай жағдайларда баланы жазалауға асықпай, алдымен оның әрекетінің себебін анықтап, дұрыс бағыт көрсету маңызды.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жасөспірімдерге құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымдарының бірлескен жұмысын күшейту өзекті.
Бала өзін қауіпсіз сезінетін орта қалыптастыру – үлкендердің ортақ жауапкершілігі.
Г.ЖОЛДАСҚАЛИ



