Тазалық-денсаулық кепілі. Дүниежүзілік тазалық күніне «WorId CIean Up Day» орай Талдыкөл ауылындағы «Айналайын» бөбекжай-бақшасы ұжымы экологиялық сенбілік жасады.
Сенбілікке балабақша ұжымындағы 23 қызметкер атсалысты. Балабақша сыртқы аумақтарындағы тазалау жұмыстары, оның айналасындағы шөптер мен жапырақтар қалдықтарын жинап, қоқыстардан тазартты.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында қоршаған ортаны абаттандыру, тазалық сақтау, ауылдың көркеюіне үлес қосу мақсатында өткен ұжым мүшелері белсенділік танытты. Тазалық сақтау-ортақ міндет. Сенбілік барысында «Айналайын» бөбекжай-бақшасы сыртқы аумақтары маңынан бір тоннадай қалдық шығарылып, тазартылды.
Балабақша меңгерушісі Сандуғаш Мунбаева : «Тазалық- денсаулық кепілі. Ол табалдырықтан басталады. Жалпы тазалық акциясы бір күндік шара емес, күнделікті қалыптасатын жақсы әдет. Ауылдың қоқысы жиналып, айнадай тазалануы айналаға көрік береді. тазалықты сақтап, оған мән берген дұрыс деп ойлаймын» -деді. тазалықтың алатын орны ерекше. Әрине, әркім тазалықты өз үйінен, шарбағынан бастаса артық етпес еді.
А.Текебай





