Бақылаушы: Дауыс беру ашық өтуде

 

Елімізде өтіп жатқан жалпыхалықтық референдум аясында Махамбет ауданындағы №216 референдум учаскесінде дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтуде. Учаскеде тәуелсіз бақылаушылар да жұмыс істеп, науқанның заң талаптарына сай ұйымдастырылуын қадағалап отыр.

«ДАУЫС» коалициясының бақылаушысы Бота Сапиева учаскедегі жағдайға оң бағасын берді.

– Мен №216 учаскеде бақылау жүргізіп отырмын. Учаске ашылған сәттен бері ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ, сайлаушылардың құқықтары толық сақталған. Жүруі қиын немесе нашар көретін азаматтар үшін де барлық жағдай қарастырылған: пандустар орнатылған, аудиоматериалдар және Брайль қарпімен жазылған мәтіндер бар. Жалпы, дауыс беру процесі ашық әрі қолжетімді өтіп жатыр, – деді бақылаушы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT