«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Бақсай ауылдық округінде кезекті сенбілік өтті.
Тазалық шарасына ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері қатысып, ауылға кіреберістегі көкбелдеуде егілген ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында ағаштардың түптері қайтадан әктеліп, артық бұтақтары кесіліп, суару жұмыстары атқарылды.

Мұндай жұмыстар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, елді мекеннің көркін арттыруға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Табиғатты аялау мен туған жердің тазалығын сақтау – баршаға ортақ міндет.
Бақсай ауылдық округі әкімі аппараты


