Бақсайда сенбілік ұйымдастырылды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 10 қазан күні Махамбет ауданына қарасты Бақсай ауылдық округінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Игі бастамаға округтегі мекеме қызметкерлері қатысып, ауылдың саялы бағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, қоғамдық орындардың көркін сақтауға өз үлестерін қосты.

Мұндай шаралардың мақсаты – елді мекеннің тазалығын қамтамасыз ету ғана емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын нығайту. Өйткені қоршаған ортаны қорғау – баршаға ортақ міндет. Туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарау әр адамның күнделікті дағдысына айналуы тиіс.

Тазалықты ту еткен осындай бастамалар ауылдың көркеюіне жол ашып, өскелең ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

 

Бақсай ауылдық округі аппараты

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT