Бақсай мәдениет үйінің ұжымы тазалық жұмыстарына атсалысты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Бақсай ауылдық мәдениет үйінің ұжымы мекеме аумағында сенбілік ұйымдастырып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

 Акция барысында мәдениет үйінің ауласы қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Ұжым мүшелері қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға және қоршаған ортаны абаттандыруға өз үлестерін қосты.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT