«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Бақсай ауылдық округінде тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, аумақты қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыруға атсалысты. Экологиялық шараның басты мақсаты – тазалық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға жанашырлық таныту.
Туған жердің таза әрі көрікті болуы – баршаға ортақ міндет.




