Ауызбірлік танытқан көршілер

Махамбет ауылында татулығы жарасқан көршілер референдум учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Ауыл тұрғындары – ерлі-зайыптылар Алшын Сариев пен Мөлдір Сапарова, сондай-ақ Расул Күлниязов пен Әсем Шапхатқызы біраз жылдан бері көрші тұрып, ауызбірлігімен көпке үлгі болып келеді.

Маңызды саяси науқан кезінде де олар бірлік танытып, референдум учаскесіне бірге келуді жөн көрген.

– Біздің “Алтын көршілер” деген өз тобымыз бар. Биғаманбетовтер, Идрисовтер және тағы да басқа отбасылар болып, көптен бері араласып, татулығымыз жарасып келеді. Әртүрлі басқосулар ұйымдастырып, бірлігімізді нығайтып жүрміз. Бүгін де осы үрдістен жаңылмай, жалпыхалықтық референдумға бірге келіп, таңдауымызды жасадық, – дейді ауыл тұрғыны Алшын Сариев.

Айта кетейік, референдум учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT