Махамбет ауылдық округіне қарасты Шаттық мөлтек ауданындағы 7 көшеге жаңа жарық шамдары орнатылды.
Ауылдың көркін арттырып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстар елді мекеннің инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді. Көше жарықтарының орнатылуы түнгі уақытта тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп, ауыл көшелерінің жарықтандырылуын жақсартуға ықпал етеді.
Елді мекенді абаттандыру және тұрғындарға жайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар алдағы жылы да жалғасын табады. Жоспарға сәйкес, жарықтандырылмаған көшелер кезең-кезеңімен қамтылмақ.
Таза әрі көрікті ауыл қалыптастыру – ортақ жауапкершілік. Елді мекеннің инфрақұрылымын жақсарту мен қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстау тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.




