Ауыл келбетін өзгертетін – ортақ еңбек

Ауылдың ажарын тек жаңа ғимараттар мен абаттандырылған көшелер айқындамайды. Оның шынайы көркі – тазалығы, тұрғындарының жанашырлығы және ортақ іске деген белсенділігі. Кейде қараусыз қалған аумақты ретке келтіру, көше бойын тазалау немесе қоғамдық орындарды күтіп ұстау елді мекеннің келбетін бірден өзгерте алады.

«Таза Қазақстан» бастамасының ерекшелігі де осында. Ол тұрғындарды сырттан өзгеріс күтпей, өз ортасын жақсартуға жұмылдырады. Әркім өз ауласынан бастап тазалыққа мән берсе, ортақ кеңістіктің де жағдайы жақсарады. Мұндай іске мекемелермен қатар жастардың, ардагерлердің және ауыл тұрғындарының қатысуы маңызды. Өйткені туған жердің көркеюі – бір адамның емес, баршаға ортақ міндет.

Г.Сәдуақасова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT