Ауданда 18 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады

Бүгін ел тарихындағы маңызды күн Қазақстан Республикасының Құрылтай сайлауы өтуде. Осыған орай аудан көлемінде барлығы  18 сайлау учаскесі таңғы сағат 07.00-де  өз жұмысын бастады.

Ауданға қарасты барлық  сайлау учаскесінде 16 870 сайлаушы тіркелген. 

Сайлау учаскелеріне берілген сайлау бюллетеньдер саны 17 039. 

Сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтарға еш кедергісіз дауыс беруге жағдай жасалған. Құрылтай сайлауында ауданда

18 жасқа толған 259 сайлаушы  алғаш рет дауыс береді деп күтілуде. 

Айта кетейік, дауыс беру уақыты кешкі сағат  20.00-ге дейін жалғасатын болады. 
Б.САПАРОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT