Ауданда 18 референдум учаскесі өз жұмысын бастады

Бүгін ел тарихындағы маңызды күн. 2026 жылдың 12 ақпанында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы аясында жалпыхалықтық референдум өтуде. Осыған орай аудан көлемінде барлығы  18 референдум учаскесі таңғы сағат 07.00-де  жұмысын бастады. Әр тұрғын тіркелген мекенжайы бойынша орналасқан учаскеге барып дауыс беретін болады. Аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйі ғимаратында орналасқан №215 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Ербол Идрисов аталған учаске мекенжайы бойынша тіркелген 1322 дауыс беруші үшін 1335 бюллетень әзірленген. Денсаулық жағдайына байланысты алдын ала үйден дауыс беруге өтініш білдірген 8 тұрғынның үйіне  бюллетень жәшігі апаралатын болады. 
Осынау маңызды күні таңмен таласа тұрып, алғашқылардың бірі болып дауыс берген ауыл тұрғыны Тұрар Серіковке комиссия төрағасы ерекше алғыс білдіріп, сый-сияпат ұсынды.
- Бүгін тарихтың жаңа белесіне қадам басып, ел болашағын айқындайтын маңызды сәттің куәсі болып отырмыз. Бұл күннің халқымыздың дәстүрлі мерекесі көрісу күнімен сәйкес келуі де ерекше жағдай. Амал мерекесіне аман-есен жетіп, арқа-жарқа болған барша ағайын бұл күні республикалық референдумды да естен шығармай, өз таңдауын жасайды деп сенемін. Рухани құндылығымызды жаңғыртып, бір-бірімізге жақсы тілегімізді айтып, саяси науқанға белсенді ат салысып, ертеңгі күнге ізгі ниетпен қадам басайық, - дейді ол. 
Айта кетейік, дауыс беру уақыты кешкі сағат  20.00-ге дейін жалғасатын болады. 
Б.САПАРОВА
#МенДауысБердім, #ЕлімҮшінТаңдау, #РеферендумғаБардым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT