Бүгін, 23 тамыз күні Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев №217 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай сайлауында өз азаматтық таңдауын жасады.
Құрылтай сайлауы – ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға азаматтардың қатысуына мүмкіндік беретін қоғамдық-саяси үдеріс. Әрбір азаматтың дауыс беруі – өз таңдауын білдірумен қатар, елдің даму бағытына деген жауапкершілігін танытудың маңызды көрінісі.
Аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев та өз таңдауын жасап, сайлау учаскесінде азаматтық міндетін орындады.
Еліміздің тұрақты дамуы, халықтың әл-ауқатының артуы және болашақ ұрпақтың жарқын келешегі жолындағы игі бастамаларымыз баянды болсын!



