#ЗАҢМЕНТӘРТІП
Аудан аумағында өткізіліп жатырған «Аумақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Махамбет ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері шалғайдағы елді мекендер мен қыстақтарды аралау жұмыстарын жалғастыруда.
Іс-шара барысында:
Қыстақ тұрғындары мен шаруа қожалықтарының иелеріне заңнама талаптары, қоғамдық тәртіпті сақтау және мал ұрлығының алдын алу жолдары туралы толық мәлімет берілді.
Тұрғындардың иелігіндегі тіркелген аңшылық қарулардың сақтау жағдайы, сейфтердің талапқа сай болуы және құжаттардың мерзімі тексерілді.
Қыстақ аумағында жұмыс істейтін тұлғалардың жеке басы мен заңды тіркеулері зерделеніп, көші-қон заңнамасын бұзбау туралы ескертулер жасалды.
Сонымен қатар, мал ұрлығының алдын алу мақсатында төрт түлік малды таңбалау (сырғалау), бақташының бақылауынсыз қалдырмау және жайылымдағы қауіпсіздік шаралары бойынша ұсынымдар берілді.
Тұрғындар назарына:
Тәртіп сақшылары қыстақ тұрғындарына кез келген күдікті жағдай орын алғанда немесе белгісіз тұлғалар пайда болғанда дереу құзырлы органдарға хабарлау қажеттігін ескертті.

