Жаңа Конституция – мемлекетіміздің болашақ бағытын айқындайтын аса маңызды құжат. Ол қоғамдағы әділдік пен теңдікті нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды басты орынға қояды. Конституциялық өзгерістер елдің саяси жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға бағытталған.
Бүгінде қоғам жаңаруды талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, Конституцияға енгізілген өзгерістер халықтың билікке деген сенімін арттырып, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Әсіресе, заң үстемдігі қағидатының күшеюі – әділетті қоғам қалыптастырудың кепілі.
Конституция – жай ғана заңдар жиынтығы емес, ол – ел бірлігінің, тұрақтылығының және дамуының негізі. Сондықтан әр азамат оның мазмұнын түсініп, құрметтеп, талаптарын сақтауы тиіс. Сонда ғана біз қуатты, әділетті әрі өркениетті мемлекет құра аламыз.
#Конституция #ӘділеттіҚоғам #ЗаңҮстемдігі



