Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды құжат. Ата заңның жаңаруы қоғамның талап-тілегіне сай келіп, мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайта түседі. Әсіресе, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған нормалардың күшеюі – қоғам үшін үлкен жетістік.
Бүгінгі таңда Конституция тек заңдық құжат қана емес, ол – мемлекет дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын негізгі бағдар. Жаңартылған Конституцияда әділеттілік, ашықтық және халықтың мемлекет басқаруына қатысу мүмкіндіктері кеңейтілді. Бұл өзгерістер елдің демократиялық даму жолында сенімді қадам жасап отырғанын көрсетеді.
Ең бастысы, жаңа Конституция қоғамдағы тұрақтылықты сақтай отырып, әрбір азаматтың дауысы естілетін жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл – еліміздің болашағы үшін аса маңызды.
#Конституция #ӘділеттіҚазақстан #АтаЗаң

