Алтын дауыс иегері – Махамбеттен

Республикалық «Біздің таланттар» музыкалық-шығармашылық байқауында Махамбет ауданының намысын қорғаған №8 Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің тәрбиеленушісі Рахметолла Меруерт жоғары нәтиже көрсетіп, «Алтын дауыс» номинациясы бойынша І орынға ие болды.

Аталған байқауға еліміздің әр өңіріндегі Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен Оңалту орталықтарынан 100-ден астам тәрбиеленуші қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен өнерлерін көпшілік назарына ұсынды.

Байқау қорытындысында Меруерттің вокалдық шеберлігі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, жеңіс тұғырынан көрінуіне мүмкіндік берді. Бұл жетістік – жас өнерпаздың таланты мен табандылығының, сондай-ақ оның ұстаздарының кәсіби еңбегі мен жан-жақты қолдауының нәтижесі.

Жас дарынның жеңісі ауданымыз үшін үлкен мақтаныш. Оның бұл табысы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың жемісі екенін көрсетеді.

Жеңімпазды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, өнер көгінде биіктен көрінуіне тілектеспіз.

Гүлжамал АУБАКИРОВА,
Махамбет аудандық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органдарына балалардың құқықтарын қорғау саласы бойынша әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT