Алға ауылындағы №229 сайлау учаскесінде 18 жасқа толған жас сайлаушылар Алмат Карим мен Рауан Дәулен алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
Жастық жігерімен ел болашағына бейжай қарамай, сайлауға қатысқан қос жас үшін бұл күннің орны ерекше. Алғашқы рет дауыс беру – әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезініп, елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуының маңызды қадамы.
Алмат пен Рауан өздерінің азаматтық құқықтарын пайдаланып, болашаққа деген көзқарастарын білдірді.




