Алғашқы боп дауыс  берді

Аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйі ғимаратында орналасқан №215 сайлау учаскесі сағат 07.00-де Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.  Учаскелік комиссия төрағасы Ербол Идрисовтің айтуынша, аталған учаске мекенжайы бойынша тіркелген 1350 дауыс беруші үшін 1364 бюллетень әзірленген. Денсаулық жағдайына байланысты алдын ала үйден дауыс беруге өтініш білдірген 6 тұрғынның үйіне  бюллетень жәшігі апарылатын болады. 

Осынау маңызды күні таңмен таласа тұрып, алғашқылардың бірі болып дауыс берген ауыл тұрғыны Г.Тулеушиеваға комиссия төрағасы ерекше алғыс білдіріп, сый-сияпат ұсынды.

- Бүгін тарихтың жаңа белесіне қадам басып, ел болашағын айқындайтын маңызды сәттің куәсі болып отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 23 тамыз Құрылтай сайлауын өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Барша аудан тұрғындарын саяси науқанға белсенді ат салысып, ертеңгі күнге ізгі ниетпен қадам басуға шақырамын, - дейді ол. 

Б.САПАРОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT