Алғаш рет дауыс берген Ерасыл

Еңбекшіл ауылындағы №230 сайлау учаскесінде сайлау үдерісі белсенді өтіп жатыр. Учаскеге келген жас сайлаушылардың қатарында Қонашев Ерасыл да бар.

Ерасыл бүгін алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Жас азамат үшін бұл – азаматтық жауапкершілігін сезініп, ел өміріне араласудың маңызды қадамы.

Алғаш рет дауыс берген жас сайлаушының айтуынша, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге әр азаматтың өз үлесін қосуы қажет.

№230 сайлау учаскесінде дауыс беру талапқа сай, ұйымшылдықпен жалғасуда. Жастардың сайлауға белсенді қатысуы – олардың ел болашағына деген жауапкершілігінің айқын көрінісі.

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT