Сарайшық ауыдық мәдениет үйінде орналасқан 223 учаскеде 18 жасқа толған Шахиар Тілеуғали
республикалық референдумға алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасады.
- Бүгін мен үшін ерекше күн. Өйткені алғаш рет дауыс беру арқылы азаматтық позициямды білдіру мүмкіндігіне ие болып отырмын. Елдің ертеңгі тізгіні бүгінгі білімді жастардың қолында. Сондықтан елдің барша жастарын саяси науқаннан шет қалмай, белсенді атсалысуға, шақырамын, - дейді
Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық педколледжінің студенті Шахиар Тілеуғали.

