Қазіргі қоғамда алаяқтық түрлері көбейіп, интернет пен телефон арқылы жасалатын қылмыстар жиі кездесуде. Алаяқтар адамдардың сеніміне кіріп, түрлі айламен қаржысын иемденуге тырысады. Осындай жағдайда заң мен тәртіптің маңызы бұрынғыдан да арта түседі.
Заң – қоғамның қорғаны, ал тәртіп – қауіпсіз өмірдің кепілі. Әр азамат сақтық танытып, жеке мәліметтерін бөгде адамға бермеуі, күмәнді сілтемелер мен жалған хабарламаларға сенбеуі қажет. Себебі алаяқтықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Бүгінде алаяқтар өзін банк қызметкері, полиция немесе таныс адам ретінде таныстырып, түрлі айлаға барады. Мұндай кезде сабыр сақтап, ақпараттың рас-өтірігін тексеру маңызды. Заңды құрметтеп, тәртіпке бағынған қоғам ғана алаяқтықпен тиімді күресе алады.
Адалдық пен сақтық қатар жүрген жерде әділдік орнайды. Сондықтан әр адам құқықтық сауаттылығын арттырып, заң талаптарын сақтауға мән беруі тиіс. Заң мен тәртіп – ел тыныштығы мен халық қауіпсіздігінің берік негізі.
Г.Жолдасқали

