Алаяқтыққа алданбау – әр адамның жауапкершілігі

Қазіргі қоғамда алаяқтық түрлері көбейіп келеді. Әсіресе интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер адамдарға үлкен қиындық туғызуда. Кейбіреулер жалған хабарлама жіберіп, банк картасының деректерін сұрайды немесе оңай ақша табуды ұсынып, халықты алдап жатады. Мұндай жағдайлардан сақ болу – әр адамның өз жауапкершілігі.

Алаяқтардың арбауына түспеу үшін бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді бермеу керек. Телефонға келген күмәнді сілтемелерді ашпау, банк картасының нөмірі мен кодын ешкімге айтпау маңызды. Сонымен қатар әлеуметтік желідегі жалған жарнамалар мен ұтыс ойындарына да сене беруге болмайды. Заңды білу және сақтық таныту арқылы көптеген қауіптің алдын алуға болады.

Алаяқтықпен күресу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әр адам мұқият әрі сауатты болса, алаяқтардың саны да азаяды. Заң мен тәртіпті сақтау – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың басты жолы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT