Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Махамет ауданында алаяқтық қылмысының 10 дерегі тіркеліп, жәбірленушілерге 25 371 000 теңге шығын келтірілді.
Аудан прокуратурасымен тұрғындарға бірнеше мәрте әр түрлі бағытта сақтандыру шаралары ұсынылғанымен, күннен-күнге айласын асырған алаяқтықтың қарапайым әдісіне бола алданып, сан-соғып қалғандардың саны көбеймесе азаяр емес.
Мысалы, 2026 жылы сәуір айында Ш.Г.есімді аудан тұрғынына белгісіз адам өзін "Қазақтелеком" қызметкері ретінде таныстырып, "Актив" мобильді желісінде жеңілдік жүріп жатырғанын хабардар етіп, жеңілдікті алу үшін өзі айтқан нұсқауларды орындау керектігін айтып, соңында "Каспий Банк" депозиті есепшотынан 861 000 теңге ақша қаражатын белгісіз есепшоттарға аудартып материалдық шығын келтірілген.
Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімімен Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі 4) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Осыған орай азаматтардан алаяқтықтың құрбаны болмауға шақыра отырып, келесі сақтық шараларын ұстануды ескертеміз.
1. Тауар сатып алу барысында нақтылығына көз жеткізу.
2. Жұмысқа орналастыру үшін белгілі бір мөлшерде қаражат сұрау.
3. Инвестиция жасау, арқылы ақшаны тез арада көбейтіп беру, жарнамаларына сенбеу;
4. Компаниялардың атынан әртүрлі акциялар өтіп жатырғандығы жөніндегі СМС –хабарламалар жіберу.
5. Интернет арқылы өзге тұлғаның атынан несие рәсімдеу
6. Поштаға автокөлік, пәтер және сыйлықтар ұтып алу туралы хабарлама жіберіп, оны алу үшін ұтыстың белгілі бір мөлшерінен қаражат сұрау.
Оңай ақшаға алданып, өзіңіздің қаражатыңыздан айырылып қалмаңыз!
Махамбет аудандық прокуратурасы


