"Келісіп пішкен тон келте болмас" дегендей, ұлт тағдырына тікелей әсер ететін бүгінгі саяси науқан күні ауданға қарасты сайлау учаскелеріне ауызбіршілікпен ұжым болып келіп, өз таңдауын жасап жатқандар қатары аз емес.
Солардың қатарында Ақтоғай ауылдық "Ару ана" әжелер ансамблі ерекше назарды аударды.
Олар ауылдық округке қарасты мәдениет үйінде орналасқан №234 сайлау учаскесіне келіп дауыс берген соң, әннен шашу шашып, тұрғындарға көтеріңкі-күй сыйлады.


