Ақтоғай ауылдық мәдениет үйінде ауылдық Аналар кеңесі, кітапхана және мәдениет үйінің  ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Ақтоғай ауылдық мәдениет үйінде ауылдық Аналар кеңесі, кітапхана және мәдениет үйінің  ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға ауылымыздың ардақты зейнеткер аналары Қалыбекова Алия, Мұстажапова Маржан, Сисенова Орынша арнайы қонақ ретінде қатысты.

Кездесу барысында бірлік пен татулық, мейірім мен сыйластық тақырыптарында тағылымды пікірлер айтылып, қонақтар өзара жүрекжарды лебіздерін білдірді. Шара аясында өнерпаздар әсем әндерін орындап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Мерекелік жиынның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, жақсылықты бағалау және шынайы алғыс айта білу құндылықтарын сіңіру.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026