Адам құқығы – басты құндылық

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде белгіленген. Бұл – Ата Заңның негізгі ұстанымдарының бірі. Өйткені мемлекеттің басты байлығы – оның аумағы немесе материалдық мүмкіндігі ғана емес, ең алдымен, сол елде өмір сүріп жатқан азаматтар.

Аталған бап әр адамның қадір-қасиетін құрметтеуді, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және заңды құқықтарын қорғауды көздейді. Азаматтың білім алуы, еңбек етуі, өз ойын еркін білдіруі, медициналық көмекке жүгінуі сияқты күнделікті өмірдегі мүмкіндіктері де адам құқықтарымен тығыз байланысты.

Құқықтың қорғалуы тек заң талаптарымен шектелмейді. Ол әр адамның өз құқығын білуінен, өзгелердің пікіріне құрметпен қарауынан және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуінен басталады. Мәселен, отбасында, білім беру мекемесінде, жұмыс орнында әр азаматтың пікірі ескеріліп, құқығына құрмет көрсетілуі – құқықтық мәдениеттің көрінісі.

Сондықтан Конституцияның бұл қағидасы әрбір тұрғын үшін маңызды. Адам құқығы сақталған жерде өзара сенім нығайып, қоғамдық келісім қалыптасады. Ал заңды құрметтеу мен азаматтардың жауапкершілігі әділетті қоғам құруға негіз болады.

 

Гүлдана ЖОЛДАСҚАЛИ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT