Адал еңбек пен әділдік – тұрақты даму кепілі

Сыбайлас жемқорлық – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретін, қоғамдағы әділдік пен сенімді әлсірететін жағымсыз құбылыс. Онымен күресу тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, адал еңбек ету арқылы жемқорлықтың алдын алуға өз үлесін қоса алады. Адалдық, әділдік, жауапкершілік және ашықтық қағидаттарын ұстану – қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың басты жолы. 

Елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған түрлі бағдарламалар мен іс – шаралар жүзеге асырылуда Бұл жұмыстардың тиімді болуы азаматтардың белсенділігіне, құқықтық сауаттылығына және жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ұстанымына байланысты. Адал еңбек пен әділдікті жоғары бағалайтын қоғам ғана тұрақты дамуға қол жеткізеді. Сондықтан әрбір азамат жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, заң талаптарын сақтауға және адал өмір сүруге үлес қосуы тиіс. Сонда ғана біз әділетті, дамыған әрі болашағы жарқын қоғамды бірге қалыптастырамыз. Жемқорлыққа қарсы күрес – баршамыздың ортақ міндетіміз және еліміздің тұрақты дамуының маңызды кепілі. 

Н.КАШАУОВА, 
аудандық мемлекеттік қазынашылық басқарма басшысының орынбасары

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT