90 жаста да белсенді

Бейбарыс ауылындағы №225 референдум учаскесінде тұрғындар таңертеңнен бастап дауыс беруге келуде. Учаскеде сайлаушыларға барлық қажетті жағдай жасалған. Комиссия мүшелерінің айтуынша, дауыс беру барысы заң талаптарына сай, қалыпты жағдайда өтуде.

Аталған учаскеде 1501 сайлаушы тіркелген. Дауыс беруге келгендердің арасында 90 жастағы қария Ізғали Кулов та бар.

– Біз талай кезеңді бастан өткердік. Елдің ертеңі үшін әр азамат өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймын. Сондықтан осындай маңызды күндерде дауыс беруден қалыс қалмаймын, – дейді қария.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT