80 жастағы қария дауыс берді

№ 218 сайлау учаскесіне «Қазақтелеком», «АтырауГазАймақ» мекемелерінің қызметкерлері отбасыларымен бірге келіп, өз таңдауларын жасауда.

Сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды қадам. Учаскеде дауыс берушілер үшін барлық қажетті жағдай жасалып, сайлау процесі белгіленген тәртіппен өтіп жатыр.

Сайлаушылар қатарында ауылдың жасы үлкен тұрғындары да белсенділік танытуда. Солардың бірі – 80 жастағы ауыл тұрғыны Бақтығали Салимов ақсақал. Жасына қарамастан елдік маңызды науқаннан шет қалмай, сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауын жасады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT