220 сайлау учаскесі: 18 тұрғын үйден дауыс береді

Сарытоғай ауылына қарасты Қ.Қалыбеков атындағы орта мектепте орналасқан 220 сайлау учаскесінде  тіркелген 1004 сайлаушылар ішінде мүмкіндігі шектеулі 7 адамның өз таңдауын жасауына барлық жағдай жасалған. 

Арнайы дауыс беру кабинкасында брайль қаріптерімен бюллетеньдер қойылды. 
Комиссия төрағасы Р.Кусмановтың айтуынша, 18 тұрғын үйден дауыс беруге өтініш білдірген.

Аталған учаске бойынша азаматтардың дауыс беру барысын "Дауыс" қоғамдық байқаушылар коалициясы, "JARQYN BOLASHAQ"  жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері бақылауда. 

Б.Сапарова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT