Жылыойдағы «Келешек мектебі» жаңа оқу жылына дайын

Атырау облысының Жылыой ауданында 1200 орынға арналған «Келешек мектебі» жаңа оқу жылында алғашқы оқушыларын қабылдайды. Қазір білім ордасында оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті жұмыстар жүргізіліп, мектепті жабдықтау ісі аяқталуға жақын. 12 тамыздан бастап оқушыларды қабылдау басталды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа мектепте 52 оқу кабинеті бар. Олардың қатарында робототехника кабинеті де қарастырылған. Сонымен бірге білім алушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған хореография залы, кітапхана және 260 орындық акт залы жұмыс істейді. Мектеп қажетті оқу құралдарымен және заманауи техникалармен жабдықталған. Мердігер мекеме - «Turan Ascent» ЖШС.

«Мектептің ашылуы аудан орталығындағы орын тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа білім ордасы оқушыларға сапалы білім беруге және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай қалыптастырады», – деді Жылыой ауданы білім бөлімінің басшысы Алмабек Абдолов.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT