Жылыой аудандық пробация қызметінің қызметкерлері пробация есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты жерлері бойынша профилактикалық тексеру жұмыстарын жүргізді.
🔹Іс-шараның негізгі мақсаты – сот жүктеген міндеттердің орындалуын бақылау, қайта қылмыс жасаудың алдын алу және пробация есебіндегі азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Тексеру барысында әрбір азаматпен жеке профилактикалық әңгіме жүргізіліп, олардың тұрмыс-тіршілігі мен әлеуметтік жағдайы зерделенді.
🔹Сонымен қатар, пробация есебінде тұрған азаматтарға сот белгілеген міндеттерді қатаң сақтау қажеттігі түсіндіріліп, олардың құқықтары мен міндеттері туралы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты ақпарат берілді.


