Жаңа мектеп – жаңа мүмкіндік

Білім сапасы ең алдымен оқушының білім алатын ортасына байланысты. Осы тұрғыда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы балалардың заман талабына сай білім алуына жаңа мүмкіндік ашып отыр.

Жоба аясында салынған мектептерде пәндік кабинеттер, STEM және IT зертханалары, кітапханалар, спорт және шығармашылық залдары қарастырылған. Мұндай орта оқушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.

Жаңа білім ордалары – болашақ мамандардың алғашқы қадамы басталатын орын. Сондықтан «Келешек мектептері» жобасы еліміздің білім саласындағы маңызды бастамалардың бірі саналады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT